ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІК

Белесова Дамира Тұрсынханқызы1, Карибай Гүлжахан Жақсыбекқызы1
1М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы

Рубрика: Педагогика

Библиографическая ссылка на статью:
Белесова Д.Т., Карибай Г.Ж. Информатиканы оқытудағы психологиялық-физиологиялық қажеттілік // Психология, социология и педагогика. 2012. № 12 [Электронный ресурс]. URL: http://psychology.snauka.ru/2012/12/1441 (дата обращения: 29.09.2017).

Просмотреть статью на английском языке

Елімізде информатика пәнін оқыту 1996 жылы мектепке 9,10-сыныптарға енгізілгені белгілі. Одан кейінгі жылдары информатика курсын оқыту 7,8 сыныптарға көшірілді. Қазақстан мектептерінде информатика курсын оқытудың мемлекеттік стандартының оқу бағдарламасы 1998 жылы жазылып, оқу процесіне енгізілген болатын. Онда информатика курсын оқытуды екі кезеңге бөліп қарастырды. 1-кезең 7-9 сыныптар үшін, ал 2-кезең 10-11 кластар үшін еді.

12 жылдық мектептердегі информатика курсын жүргізу, оны оқыту әдістерін жетілдіре түсу мына мәселелерге байланысты болды:

1)      Ғылымның компьютерленуінің өсуі;

2)      Компьютерленген өндірістерде жұмыс істеуге қабілетті жоғарыбілікті жұмысшылар мен мамандарды даярлау;

3)      Басқару орындарының компьютерленуі ;

4)      Компьютерлік қоғамға лайықты болу және ЭЕМ-ді тұрмыста қолдана білу;

5)      Компьютер арқылы дүниежүзілік желілермен байланыс жасап, информация алу;

6)      Білім беру жүйесін компьютерлендіру.

Жалпы орта мектепке информатика пәнінің  енгізілуіне орай мұғалімдерді қайта даярлау мен  жоғары  оқу орындарын   бітіруші   студенттерін  дайындау  жедел  түрде  қолға  алынды.  1985 жылы информатика пәні мұғалімін жүйелі түрде дайындаудың     жаңа   оқу   жоспары   жасалынды. Сөйтіп, информатиканы оқыту  әдістемесі жаңа пән  ретінде 1987-1988 оқу жылдарында педагогикалық   институттарға  енгізілді. Сол уақыттарда информатика  пәнін  оқытуға   еш   әзірлік  болмаған  еді, тек  баяндама, мақала, пікір сайыс ретінде ғана қарастырылды.

Мектептерде есептеуіш техниканың программалық қамтамасыздандыру бумаларының жеткіліксіздігінен және жоғары оқу орындарында өтілетін программалау курсына дайындық ретінде, тек есепті шешу алгоритмін құру әдістерін тақтада шығарып көрсетумен ғана шектелді. Содан кейін келесі мәселелер қаралды:

1)      Мектеп информатика курсын оқыту мақсаты анықталды;

2)      Компьютермен жұмыс істеу деңгейі белгіленді;

3)      Информатиканы оқытуда қолданылатын жалпы дидактикалық принцип нақтыланды;

4)      Компьютерлік сауаттылық, информациялық технология түсініктері жасалды;

5)      Жеке адамның жүйелі түрде қолдануы негізінде оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері ашылды;

6)      Информатикада қолданылатын дәстүрлі және жаңа дидактикалық құралдар қарастырылды;

7)      Компьютерлік сабақты оқытудың ұйымдастырылған формасының жүйесі жасалды;

8)      компьютерде жұмыс істейтін оқушының ойлау қызметі әдістері мен оқытудың әдістері талданды.

Сонымен, тәжірибелі мұғалімнің информатиканы және оны оқытуды жүйелі түрде жүргізбегенінен едәуір қиындықтар туатындығы белгілі болды. Бұл мәселені шешудің бір жолы – мектепте компьютерлік білім беру жүйесін жасау және оны жаңартып отыру болып табылады.

Информатиканың негізгі бір ерекшелігі компьютерде жұмыс істеу үшін алгоритмді, бағдарламаны, нұсқауларды терең білу талап етіледі. Бұл талапты орындау үшін әрбір пайдаланушы өз ісіне ұқыптылықпен қарай бастайды, өйткені қайбір нұсқауды компьютерге қате енгізетін болса, онда компьютер экранында «қате жібердіңіз» деген сәйкес хабарлама шығады. Міне, осындай қателікті екінші қайтара болдырмас үшін пайдаланушы (студент немесе оқушы т.б.) үнемі ізденіс үстінде жүреді.

Информатиканы оқыту әдістемесі курсы мазмұны, әдісі, түрі және оқыту құралы жүйесін қарастырады. Бұл курсты оқу нәтижесінде болашақ мұғалім компьютерленген мектепте, университетте толық түрде жұмыс істей алатын дәрежеде болуы тиіс.

Информатикаға қатысты жаңа білім аймақтарын оқып үйрену; компьютерлік технологияны қолдану дағдыларын қалыптастыру; арнайы әдістер көмегімен оқушылардың қабілеттерін ояту және оны дамыту. ЭЕМ-мен тығыз байланыста бола отырып, информатиканы оқыту әдістемесі адамның компьютерді меңгеру тәжірибелерін шыңдай отырып, білім беруді компьютерлендіруді іске асыру болып табылады.

Оқушы қажеттілігі. Информатика пәнін оқытуда дидактиканың бірізділік принципі, мазмұнның баяндалу реті толық сақталынады.

Сабақта қажеттілік болмаған жағдайда, оқуға деген қызығушылық та болмайтындығы белгілі. Қажеттіліктің негізгі мынадай түрлері бар: биогендік қажеттілік, психофизиологиялық қажеттілік, әлеуметтік қажеттілік; жоғары қажеттілік. Осыларға тоқталып өтелік.

Биогендік қажеттілік. Оқушылар компьютерде жұмыс істей отырып, еріксіз түрде өзінің ақпараттарын сақтау қажеттігі туындайды. Мысалы, компьютердің ішкі жадысында өз есімімен каталог ашып, өз файлдарын сақтап қояды.

Оқушыларға белгілі бір компьютерде отыру тапсырылады, яғни оқушының өз жұмыс орны болады. Бұл оның техникаға ұқыпты қарауға деген жауапкершілігін арттырады. Сондай-ақ вирустардан қорғаудағы ролі ерекше. Іздеу және бағыт алу қажеттілігі. Іздеу қажеттілігі қауіпсіз және еркін түрде қоршаған ортаны танып білуінде. Мысалы, нәрестенің өзі айналадағысын ұстап, көріп танитындығы сияқты, компьютерлік түймелердің қызметімен оқушы «еркін» отырып танысқаны дұрыс. Ол үшін оған «ана түймені баспа», не «мына түймені баспа» деп шектемеу керек. Мұғалім алдын-ала программалар мен берілгендерді, қажетті информацияларды  оқушының кездейсоқ жойып жіберуінен қорғап қоюы қажет. Қажеттіліктің мұңдай іздеу түрі оқушыға қызық көрінуі мүмкін. Мысалы,ол жаңа бір мәтіндік редакторға енген соң ешбір көмексіз өз бетінше іздей отырып, оның басқару нұсқаларын табуға тырысады.

Бағыт алу қажеттілігі. Бұл оқушының қайбір бағдарламада жұмыс істеп отырғанында белгілі бір бағыт алуы, не ойында модель құруы. Көп жағдайда таныс емес бағдарламада жұмыс істеп отырғанда техникалық ақау немесе т.б. пайда болса, олар не істерін білмей тапырақтап қалуы мүмкін.

Психофизиологиялық қажеттілік. Компьютерде істелген жұмыс нәтижесінен ляззат алу жолдары көп: күрделі есепті өз бетінше шығару, ойында жеңімпаз болу, экрандағы әдемі бейнеленген ою-өрнек салынған әдемі көрінетін жұмыстар т.б.

Әлеуметтік қажеттілік. Өзіндік тұжырымдаушы. Бұл да қажеттілік. Компьютерлік әлем оқушы үшін жаңалық ашуға талпындырады. Бірақ, компьютерлік хакерлікке жол берілмеуі тиіс, өйткені мұндай іс-әрекеттер қоғамға едәуір зиян тигізеді. Сол себепті, мұғалім «вирусты жасау», «фанатизм» т.с.с. заң орындары арқылы жауапқа тартылатындығын ескерту керек.

Жоғары қажеттіліктер. Эстетика және компьютер. Информатикада эстетикалық қажеттілік кең ұғым. өйткені бұл қажеттілік экрандағыны көру, құру және қабылдау арқылы іске асады.  Дайындық және жеңіп шығу. Ерік. Жеңіп шығуға деген қажеттілік ерікпен, тәрбиелеу мен олардың дайындығымен тығыз байланысты. Жеңіл берілген тапсырма қызық емес, ал күрделісі – түсініксіз. әрине мұндай жағдайда бұрынғы меңгерген білімге арқа сүйеу керек. Шығармашылықтағы – жоғары қажеттілік. Информатикадағы шығармашылыққа жеткізетін негізгі жол – елестету мен логикаға қатысты тапсырмаларды көп берген жөн. В.А.Каймин «Графика» тақырыбын оқытқанда мұғалім оқушыларға үй салу үшін оларға неше қабат, терезесі нешеу, есігі нешеу және т.с.с нәтижесінде қай оқушының ойлау фантазиясықаншалықты дәрежеде екендігін, өзіндік жұмыс жасай алу қабілетін және ебдейліктерін анықтауға болады, дейді. Информатика көптүрлілік, пәнішілік, байланыс молдылығымен сипатталады. Оқыту күрделенгенде білімді меңгеру мен үйрену үшін жалпы дидактикалық бірізділік принципіне қосымша қайталау түрін қолдану керек.


Библиографический список
  1.  Р.Ә.Медетбекова. Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. Шымкент, 2011. –Б. 88-89.
  2. Ә.Қ.Бүркіт. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері. Шымкент, 2010. –Б. 309-310.

References
  1.  Р.Ә.Медетбекова. Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. Шымкент, 2011. –Б. 88-89.
  2. Ә.Қ.Бүркіт. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері. Шымкент, 2010. –Б. 309-310.


Все статьи автора «Damira»


© Если вы обнаружили нарушение авторских или смежных прав, пожалуйста, незамедлительно сообщите нам об этом по электронной почте или через форму обратной связи.

Связь с автором (комментарии/рецензии к статье)

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться, чтобы оставить комментарий.

Если Вы еще не зарегистрированы на сайте, то Вам необходимо зарегистрироваться: