УДК 514(075.3)

ЭЛЕКТРОНДЫ ПОРТФОЛИОНЫ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУ

Момбекова С.С.1, Белесова Д.Т.1, Жайдақбаева Л.Қ.1, Шаймерденова Г.С.1
1М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Ключевые слова:


Рубрика: Педагогика

Библиографическая ссылка на статью:
Момбекова С.С., Белесова Д.Т., Жайдақбаева Л.Қ., Шаймерденова Г.С. Электронды портфолионы информатика пәнінде қолдану // Психология, социология и педагогика. 2013. № 5 [Электронный ресурс]. URL: http://psychology.snauka.ru/2013/05/2241 (дата обращения: 01.10.2017).

Информатика – бұл ақпараттық үдерістің табиғи жүйелерде орындалатын заңдылығы жөнінде және ақпараттық процестерді автоматтандырудағы қолданылатын әдістер мен құрылымдар туралы ғылым. Информатика – қазіргі заманғы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына, студенттердің интеллектуалды қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарының дамуына, ақпараттық технологияның осы ғылымдағы базалық қамтылуына, студенттердің білім алу кезеңі мен күнделікті және болашақта қажет пәндердің бірі.

Информатика – есептеу техникасы құралдарының көмегімен ақпаратты қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән. Яғни, Информатика – ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым.

Ақпараттық процесстерді өңдейтін негізгі құрал – компьютер. Ақпаратты автоматты өңдеу – бұл арнайы түзілген программа бойынша адамзат баласының қатысуынсыз негізгі мәліметтерді енгізгеннен кейін қандай да бір нәтижеге жеткенге дейінгі ақпараттың өңделуі.

Информатика пәнін жоғарғы оқу орындарында жүргізуде ең негізгі объектісі болып ақпараттық процестер мен ақпараттық технологиялар табылады. Теориялық бөлімде ақпараттық технологияның мазмұнын ашу жағдайы қаралады, ақпараттық процесс, ақпараттық модель,  басқарудың ақпараттық негіздері ұғымдарына тапсырмалар орындау жағдайлары қарастырылады. Ал тәжірибелік бөлімде, студенттердің ақпараттық технологиялық білімін басқа да пәндерде қолдану тиімділігі көрсетіледі.

Информатика пәніннің негізгі мәселесі – есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу.

Информатика пәнін жүргізуді ұйымдастыру барысында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланған дұрыс, бір жағынан бекітілген заңға сәйкес компьютермен жұмыс жүргізілсе, ал екінші жағынан ең жоғарғы педагогикалық нәтижеге ие болу. Информатиканы оқыту барысында білімгерлерді ұжымдық, фронтальды, топтық, қос және жеке түрлерге бөліп алуға болады. Оқу барысында оқытылған материалдың меңгерілгендігі жөнінде кірістік, ағымдық, өзін-өзі тексеру және нәтижелік бақылаулардан байқауға да болады.

Қазіргі кезде ақпараттық технологияның дамуы өте қарқынмен жылдам жүріп келеді, себебі интернет технология адамның күнделікті өмірінде үлкен орын алып келеді. Осы себепті интернет арқылы ізденіс электронды портфолио түсінігіне көп көңіл бөледі. Электронды портфолио жөнінде көптеген түрлі анықтамаларды сайттардан алуға да болады. Осы сайттардың барлығын жинақтай келе төмендегідей тұжырым жасаймыз.

Портфолио дегеніміз оқушы немесе мұғалімнің оқып білім алу және басқа да салалардағы жетістіктерін тіркейтін, жинақтайтын, бағалайтын және қорытындылайтын жүйе, тәсіл.

Портфолионың мақсаты:

- білім алушының білім алу немесе еңбек ету жылдары ішіндегі өзіндік өсуін және қоғамдық өмірдегі жан-жақтылығын айқындайтын шығармашылық бейнесін көрсету.

Портфолионың түрлері:

1. Кәсіптік портфолио (дәрігер, агроном…)

2. Лауазымдық портфолио (лауазым иесі)

3. Шығармашылық портфолио(ақын, жазушы)

4. Тақырыптық портфолио (магистрант, ізденуші мұғалім, оқушы ізденісі-ғылыми еңбек)

5. Қызметтік портфолио

6. Студент және оқушы портфолиосы

7. Электрондық портфолио

Электронды портфолио дегеніміз – оқытушының немесе студенттің өзінің орындап жатқан жұмыстары жөнінде барлық мәліметтің магниттік дискіде файл түрінде берілуі.

Электронды портфолионың құрылымына:

-         студенттің портфолионы жинақтауда өзінің заңдылықтарына сәйкестігі;

-         портфолионың түсінігі мен оның пайдалану ауқымы қарастырылады;

-         студенттердің ақпараттық және коммуникативтік технологияларды игеру жөніндегі дайындығының деңгейі қаралады;

-         электронды портфолионың эволюциялық даму идеясының қолданылуы;

Электронды порфолионы жинақтауда қажетті құжаттар:

Құжаттар портфолиосы – жеке білімдік деңгейдің сертификатталған портфелі. Осы компонентке тиісті талап – құжаттың сенімділігі. Сертификаттар, мақтау қағаздары, дипломдар ережеге сай толтырылады, яғни жауапты адамның қолы және мекеменің мөрі жинақталады. Осы құжаттардың барлығын компьютерде теріліп, белгілі бір файлға жинақталып жазылады.

Жұмыстар портфолиосы – студенттің шығармашылық, ізденістік, жобалық

жұмыстарының жинақталуы, сонымен қатар білім алу мен шығармашылық кезеңдеріндегі бағыттары, ғылыми конференциялар мен конкурстардағы, жеке курстардан білім алғандығы жөніндегі мәліметтер қамтылады. Электронды портфолионың бұл түрі қағаздық портфолионың түрінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Қағаз жүзіндегі кез-келген құжатты жеңіл түрде электронды түрге ауыстыруға болады.

Егер портфолио жұмыстары мәтіннен тұратын болса, оны сканерлеу арқылы компьютерге енгізу оңай жүргізіледі. Егер жұмыста кескіндер мен суреттер болса сканерлеуге болады, немесе сандық камераға түсіріп алуға да болады.

Университеттің басқа да құжаттары (қолеңбек жұмыстары, жобалар, шығармашылық жұмыстар) өзіне тиісті көрсеткіштерімен жазылады. Оларды электронды түрге аудару өте оңай.

Шығармашылық жұмыстың көрсеткішінің электронды құжатын  интернет сайтына енгізу жеңіл жүргізіледі. Шығармашылық жұмыстардың оқылуы, бағалануы, теңестірілуі оңай болуы үшін көрсеткіштің біркескінді құрылымы көрсетілуі тиіс. Бұл талап ақпараттық жүйені құру технологиясының негізі болып табылады.

Пікірлер портфолиосы – студенттің жеткен жетістіктері, оқудағы және оқудан тыс кезеңдердегі жеткен жетістіктері, резюме, сонымен қатар студентке оқытушының, ата-анасының және жұмыс берушінің пікірлері жинақталады.

Құжаттарды аудару техникасын қарастыра келе, пікірлер портфолиосының құрылымында ешқандай өзгешелікті кездестірмейміз. Тек қандай пікірлерге қол қойылуы тиіс немесе қол қойылмауы тиіс жағдайы қарастырылады.   Егер портфолиода арнайы құжат қолы болса, онда осы құжаттың сенімділігі жоғарыда қарастырылған портфолио құжаттарының элементі болып табылады.

Интернетте осы пікір қауіпті болып табылады, себебі жүйені қате пайдалану пікірлер жазбаларына өзгерістер алып келуі мүмкін.


Библиографический список
  1. http://filippovatn.narod.ru/portfolio.htm (Мосина А.В., Лещенко О. С. ЭЛЕКТРОННОЕ ПОРТФОЛИО ПРЕПОДАВАТЕЛЯ КАК ФОРМА ИНТЕРНЕТ-ПОДДЕРЖКИ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ПРЕПОДАВАТЕЛЯ В МАГИСТРАТУРЕ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ВУЗА)
  2. http://school30.izhevsk.ru/IMAGES/2005/20050426/innov/1.htm


Все статьи автора «Nuraya»


© Если вы обнаружили нарушение авторских или смежных прав, пожалуйста, незамедлительно сообщите нам об этом по электронной почте или через форму обратной связи.

Связь с автором (комментарии/рецензии к статье)

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться, чтобы оставить комментарий.

Если Вы еще не зарегистрированы на сайте, то Вам необходимо зарегистрироваться: