УДК 378.016:02:004.4 (574)

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУ

Белесова Дамира Тұрсынханқызы1, Карибай Гүлжахан Жақсыбекқызы1
1М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы

Ключевые слова: компьютер, математика


Рубрика: Педагогика

Библиографическая ссылка на статью:
Белесова Д.Т., Карибай Г.Ж. Жаңа ақпараттық технологияны математика пәнін оқытуда пайдалану // Психология, социология и педагогика. 2013. № 4 [Электронный ресурс]. URL: https://psychology.snauka.ru/2013/04/1989 (дата обращения: 31.10.2023).

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.  Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымның, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып қазіргі жаһандану дәуірінде сабақ үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияларды жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интеграцияларды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Ақпараттық технологияның міндеті – оқушыларды білімге қызығушылығын, ізденушілікке баулу. Оқытуды компьютерлендіру қазіргі дидактика мен нақты әдіс тәсілді дамыту тенденциясы ретінде қалыптастырылады.

«Математика сабағында оқушылардың білімін» тиімді пайдалана отырып, күнделікті сабақты ыңғайына қарай әдіс-тәсілдерімен түрлендіріп өткізілген кезде, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы да арта түседі. Сабақ мазмұнын теориялық, практикалық құндылығы жоғары болған сайын, құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен мұғалімнің дайындығымен жоғары деңгейде өтеді. Оқушы пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды  ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушылармен шығармашылық ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, жұмбақ жасыру, шешу, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады. Оқу жүйесін тиімділендіру үшін жаңа білімді меңгеру кезінде компьютерлік презентацияны оқу ақпаратының қайнар көзі және көрнекі құрал ретінде қолдануға және жаттықтыру бағдарламаларын қолдану арқылы оқушылардың  зерттеу әрекетінің негізінде  өз бетімен білім алуға мүмкіндік беретін зерттеу сабақтарын өткізуге болады.

Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компьютерлік негізге ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істерін бұрынғы тәсілмен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьютерлік технологияға жүктеу керек.

Математика пәнін оқытуда ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаты:

-         Қолдану мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы байланыс;

-         Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

-         Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жеклеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Оқу процесінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне қатысты. Сондықтан сабақ жүргізу кезінде жаңа оқыту технологиясын пайдалану қажет.

Оқу материалының міндетті деңгейін тез меңгертуге қабілетті оқушылар үшін математика курсының жеке тақырыптары бойынша жаттықтыру және бақылауға арналған бағдарламалар бар. Мұнда оқушылар компьютермен жеке жұмыс жасап, тапсырманы дұрыс орындағаннан кейін қиындық деңгейі жоғары жаттығуға көшеді. Бұл әрекет оқушылардың бос отырмай, өз ісімен айналысуына мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың қызығушылықтары артады. Қолданылатын оқу бағдарламасында есептер қиындық деңгейі бойынша  құрастырылған, есептер суреттер, графиктер, мысалдармен берілген. Есеп шығару кезінде оқушы есептің дұрыс шығарылғандығын, қатесін экраннан көре алады. Оқушы білімін бағалау кезінде жеке тақырыптарға, бөлімгерге арналған тестік сұрақтарын пайдалануға болады. Компьютердің көмегімен тестік бақылау дәстүрлі әдіске қарағанда оқушылардың білетінін немесе білмейтінін тез анықтауға мүмкіндік береді. Математика сабағында компьютерді пайдаланудың тиімділігі:

-         Оқушы уақытын үнемдейді;

-         Оқушы өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

-         Оқушының ойлау қабілеті артады.

Қорыта айтқанда, XXI ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге белгілі.  Сондықтан, ұстаз алдындағы ортақ міндет – заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Соның бір жолы – сабақ кезінде ақпараттық технологияны тиімді пайдалану.


Библиографический список
  1. Ақпараттық даярлықты жетілдіру жолдары. //Қазақстан мектебі. – Алматы, 2010. –№1. – –Б. 14-18.
  2. Ақпараттық-компьютерлік технологиялардың болашақ мұғалімдерді даярлаудағы рөлі. //Қазақстан жоғары мектебі. – Алматы, 2010. – №1.– Б. 22-26.
  3. Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың мазмұны // “Экономикасының индустриальды-инновациялық даму механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Түркістан, 2010. – Б. 615-619.


Все статьи автора «Damira»


© Если вы обнаружили нарушение авторских или смежных прав, пожалуйста, незамедлительно сообщите нам об этом по электронной почте или через форму обратной связи.

Связь с автором (комментарии/рецензии к статье)

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться, чтобы оставить комментарий.

Если Вы еще не зарегистрированы на сайте, то Вам необходимо зарегистрироваться: