УДК 37

СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ

Шаханова Р.Ә.1, Балтабаева Ж.Қ.2, Ныязбекова К.С.3
1Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, педагогика ғылымдарының докторы, профессоры
2Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, педагогика ғылымдарының докторы, профессоры
3Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, педагогика ғылымдарының кандидаты, доценті

Рубрика: Педагогика

Библиографическая ссылка на статью:
Шаханова Р.Ә., Балтабаева Ж.Қ., Ныязбекова К.С. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану // Психология, социология и педагогика. 2013. № 4 [Электронный ресурс]. URL: http://psychology.snauka.ru/2013/04/2002 (дата обращения: 27.05.2017).

Білім туралы Заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірген. Осы Заңның  8-бабында білім беру жүйесінің басты міндеттері ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беру ақпараттарын халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілеріне шығу деп атап отыр. Әлеуметтік білім беру кеңестеріне  ену педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты, білім берудің бағдарламасы өзгереді, білім берудің  мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет  пайда болады.

Педагогикалық технологияны кеңінен қолдануға  және ғылымның рөліне мән беруде оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі  ой-тұжырымы  былайша сиппаталады:

- есте сақтауға негізделген, оқып, білім алудан бұрынғы меңгергендігін пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшуі;

- білімнің статистикалық үлесіне ақыл-ой әрекеттерінің динамикалық құрылым жүйесіне көшуі.

Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны,  құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.

Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны  мен оқушылардың  психологиялық  ерекшеліктеріне  орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы қиын. Жаңа технологияны меңгеру – оқытушының интелектуалды, адамгершілікті, рухани азаматтық және де басқа да көптеген  адами келбетінің  қалыптасуына әсерін тигізуіне, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі кезде мемлекеттік тілді орыс аудиториясында оқытудың қалыптасқан әдістеріне қатысты бірқатар мәселелер кездеседі:

  • оқу материалдарының тез естен шығып кетуі;
  • тіл үйренушілердің сөйлеу іс-әрекетінің бәсеңдігі;
  • пәнге деген қызығушылықтың төмендеуі;
  • негізгі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға онша мән берілмеуі.т.б.

Осы мәселелерді жою үшін біз жаңа идеялар мен соңғы ғылыми жаңалықтарға ұмтыламыз. Қазіргі таңда оқытушылардың зерттеушілік қызметі күшейіп отыр. Әрбір оқытушының өзінің тәжірибесінде педагогикалық инновациялық технологияларды іс жүзінде қолданып, енгізуге мүмкіндігі бар.

Қазіргі заманғы әлемде барлық дамыған елдерде оқытудың негізгі мақсаты жеке басты интелектуалды тұлғаны дамыту, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру, өзін-өзі басқару, ақпаратпен жұмыс жасай білу, т.б. болып табылады. Мақсаттың бұлайша қойылуы танымдық іс-әрекеттерін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда да дамытуын қажет етеді.

Қазақ тілі сабақтарында студенттердің сыни тұрғыдан ойлау негізін қалыптастырудың технологиясының алатын орны ерекше, себебі сыни тұрғыдан ойлау студенттердің білім алуында жаңа фактілерді, мысалдарды бұрынғы оқығандарымен салыстыру арқылы танымдық белсенділіктері мен ойлау қабілеттерін арттыруға зор ықпалын тигізеді. Сыни тұрғыдан ойлау –оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырады, оладың бірін-бірі құрметтеуін, түсінуін, дұрыс қарым-қатынас жасауын қалыптастырады, дүниеге деген түрліше көзқарастарды түсінуді жеңілдетеді, оқушыларға өз білімдерін түрліше жағдаятта барынша тереңдетуге, тұлғалық іс-әрекеттердің жаңа түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

К.Д.Ушинский оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруда салыстырудың барлық түсіну мен ойлаудың негізі екенін баса айта отырып, «әлемде барлық нәрсе салыстыру арқылы білінеді», – деген. Алған білімді игеру, әрине, адамдардың алғашқы қабылдауы мен түсінуіне байланысты. Алайда, дидакт М.А.Данилов айтқанындай: «Оқытудың алғашқы кезеңінде алған білім әлі оқушының белсенді, өзбетінше ойлауы мен іс-әрекетінің құралы бола алмайды». Сол сияқты, ғылыми түсініктер де бірден қалыптаспайды. Олар да бірнеше кезеңдерде пайда болады. Ал, әр кезеңде оқушылардың есі нақты материалдармен байытылып, оларға терең, жан-жақты талдау жасалынып отырылуы керек. Одан кейінгі нәтиже, түсінік, ұғым оқушылардың интелектуалды жетістігі болып табылады.

Біздің мақсатымыз да қазақ тілін оқыту барысында белсенді әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тілі сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін дамыту  мақсатында  мәтінмен жұмыс жасау кезінде сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастыруды қарастырдық.  Қазақ тілі сабағының құрылымдық кезеңдерінің пәндік ерекшеліктері:

  • Қызығушылықты ояту сатысында  оқушыларды үйренетін, зерттелетін тақырыпқа тарта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мәселесі қарастырылуы керек. Қызығушылықты оятуда қазіргі заман талабына сай болу үшін білікті маманға өз ана тілін ғана білуі аз екенін ұғындыру арқылы оқушылардың тұлғалық мәдениетін арттыру керек.
  • Мағынаны тану сатысында оқушылар оқытушы басшылығымен меңгерілуі тиіс болған материалдарды жан-жақты талдауы қажет.
  • Ой-толғаныс сатысы (рефлексия). Бұл саты өте маңызды саты болып саналады. Меңгерілген тақырып бойынша әрбір оқушыөзіндік қорытынды жасай алуы тиіс. Ойлану, пікірлесу арқылы тақырып төңірегінде алынған білімдерін пысықтайды, әрі өзіндік ұғым ретінде білім қоры кеңейеді.

Кесте №1. Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс үстіндегі оқытушы мен оқушылардың іс-әрекеттері жүйесі.

Сабақтың сатылары

Оқытушының іс-әрекеті

Оқушылардың 

іс-әрекеті

 «Қызығушылықты ояту» сатысы

Материалды көкейкестілендіру

1.Ассосациограмма жасату.

Студенттерге дәптерлеріне мәтіннің тақырыбына байланысты қандай балама сөз естеріне түседі, соны жаздырады.

2. Қарастырылатын объектіге байланысты не білетіндерін еске түсірткізеді.

3. Дәптерге үш бірдей бағанмен бөлінген кестені сыздырады. Бағандар «білемін»«білгім келеді», «үйрендім» – деп аталады.

Өзі де тақтаға сызады. 

Білемін білгім келеді үйрендім

4. Кестенің сол бағанына танымдық объект туралы не біледі, соны жазуды тапсырады.

5. Жұптасып пікірлерімен

бөлістірді.

6. Оларда қандай пікірлер жинақталды, солар туралы сөйлеседі. Тақтаға оқушыларайтқан   пікірлер мен мәліметтер жазылады.

1.Әр оқушы өз дәптеріне мәтіннің тақырыбына байланысты естеріне түскен балама сөздерді жазады.

2. Қарастырылатын объектіге байланысты барлық мәліметті еске түсіреді.

3. Кесте сызады.

4. Сол бағанға естеріне түсірген мәліметтерді жазады.

5. Бір-бірімен білім алмасады.

6. Әрқайсысы кезегімен қарастырылып отырған объект туралы білетін пікірлерін айтады.

7. Тақтаға сол мәліметтерді жазады.

«Мағынаны тану сатысы»

1. Студенттерге тақтаға жазылған білімдерді талқылап, білетіндерін жинақтап, белгілі бір негіздемеге топтастыру тапсырылады.

2. Тақтаға құрылымдық-логикалық сызба қажет болған жағдайда салынады.

3.Әр студентке мәтін таратылып, оны оқу тапсырылады.

4. Студенттерге мәтінді оқу барысында белгілерді қою тапсырылады:

«V» – білемін.

«-» – менің алғашқы ойлауыма мүлдем сай келмейді.

«?» – білгім келеді.

«+» – бұл мен үшін жаңа ақпарат.

5. Студенттерге кесте бойынша жұмыстарын жалғастыру тапсырады.

Оларға үшінші бағанды толтыруды (үйрендім) тапсырады.

6. «Үйрендім» бағанындағы мәліметтерін салыстырып, талқылатады, оны студенттерге тақтаға жаздырады.

7. «Білгім келеді» бойынша өзіндік жұмыстарға бағдар жасалады, не білгілері келетіні талқыланады. Жұмыс барысында «біз оларды қайдан аламыз»,-деген мәселені қарастырады.

8. Үй тапсырмасына бағыт береді.

1. Тақырыпқа байланысты жоғарыдағы мәліметтерді өзара талқылайды.

2. Мәтінді оқуға дайындалады.

3. Мәтінді оқу барысында қарындашпен оқытушы ұсынған белгілерді қойып шығады.

4. Жеке өз дәптерінде мәтінге сәйкес кестені толтырады.

5. Талқылауға белсенді қатысады.

6. Оқытушы сұрақтарына жауап беруімен қатар, өз варианттарын ұсынады.

7.«Үйрендім» бағанындағы мәліметтерін салыстырып, талқылайды, ортақ пікірге келіп, тақтаға жазады.

8. Ортаңғы бағанға «не білгілері келетінін» ақылдаса отырып, жазады.

 

Ой- толғаныс сатысы

1. Студенттерге қорытынды жасауда түрлі тәсілдерді ұсынады.

2. Үй тапсырмасы беріледі.

«Үйренгім келеді» бағанындағы тақырыпты зерттеуді, жаңа білімдер негізінде құрылымдық-логикалық сызба дайындауды тапсырады.

Қорытынды жасайды;

Үй тапсырмасын таңдап алады.

Осы жүйе бойынша әртүрлі тақырыптардағы мәтіндерді талқылауға болады.  (Жоғарыда айтылған сабақтың компонеттері қызығушылықты ояту сатысы, мағынаны тану сатысы, ой-толғаныс сатысы (рефлексия) барлығы студенттердің танымдық іс-әрекеттерін арттырады).

Студенттердің мәтінді түсінуін жеңілдету мақсатында, мәтіннен соң жаттығулар беріледі. «Мәтінде осылай делінген бе?», «Мәтіннен аудармасын табыңыз»,   деп берілген тапсырмаларды орындау барысында студенттер мәтінде не жайлы айтылғанын тез түсінеді де, оны аударуға уақыттарын кетірмейді. Мәтіндегі ақпараттарды сыни тұрғыдан ойлай отырып талдайды. «Мен үшін бұл ақпарат жаңа (білдім)», «бұл ақпарат жайлы одан әрі білгім келеді (білгім келеді)», «бұл ақпарат мен үшін таныс (білемін)», деп мәтінді саралап оқиды. Мәтінді саралап оқу барысында студенттер өздеріне қойған проблемаларды шешу үшін іс-әрекет жасайды, осы іс-әрекет олардың танымын арттырады. Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді бір сабақ бұрын жаңа сөз ретінде үйге тапсырма ретінде беріледі. Студенттер оларды үйде қарап шығып, танысып келеді.


Библиографический список
  1. Ушинский К.Д. Избранные  педагогические  сочинения.в 2-х т. М.: Гос. уч. пед. изд., 1954. – 480 с.
  2. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. – Алматы, 2009. – 328 б.
  3. Ныязбекова К.С. Жоғары оқу орындарының орыс бөлімінде кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2010. – 152 б.


Все статьи автора «Ныязбекова Куланда Сарсенкуловна»


© Если вы обнаружили нарушение авторских или смежных прав, пожалуйста, незамедлительно сообщите нам об этом по электронной почте или через форму обратной связи.

Связь с автором (комментарии/рецензии к статье)

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться, чтобы оставить комментарий.

Если Вы еще не зарегистрированы на сайте, то Вам необходимо зарегистрироваться: